Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған ресми түрде Түркиядағы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды

Опубликовано:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Mustafa Kamaci/Anadolu Agency via Getty Images

Бүгін Түркия Жоғары сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер елдегі президенттік сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Йенердің мәліметінше, президенттік сайлаудың екінші кезеңінің түпкілікті қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған 52 пайыздан астам дауыс жинап, Түркия президенті болып қайта сайланды.

"Біз 28 мамырда өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысты барлық шағымды қарап, қорытынды шығардық: сайлаушылардың 52,18 пайызы Ердоғанға, ал 47,82 пайызы Кемал Кылычдароглуға дауыс берді", – дейді Ахмет Йенер баспасөз мәслихатында.

Түркияда сайлаудың екінші кезеңіне сайлаушылардың 85,63 пайызы қатысқан. Ал елдің шетелдік өкілдіктері мен шекаралық бақылау бекеттерінде бұл көрсеткіш – 56 пайызды құраған.

Жалпы Түркия мен шетелде барлығы 54 миллионнан астам адам дауыс берген. Оның 27,8 миллионы Ердоғанды, 25,4 миллионы Кылычдароглуны қолдап, дауыс берген.

"Осы деректер негізінде, Режеп Тайип Ердоған Түркия президенті болып сайланды", – дейді Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы.

Ахмет Йенердің бұл сөзін Anadolu агенттігі жариялады.

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінде Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.

Ал оның қарсыласы, оппозиционер Кемаль Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады.

Еске сала кетсек, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өтті. Алайда ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған еді.

Ереже бойынша кандидат сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023002-erdogan-resmi-turde-turkiyadagy-prezidenttik-sailaudyn-zenimpazy-dep-tanyldy/

pixel