Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркия президенті ретінде халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті

Жарияланған күні:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Chris McGrath / Getty Images

Бүгін, 3 маусымда Анкарадағы түрік парламентінің ғимаратында Режеп Тайип Ердоған Түркия президенті ретінде халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.

"Анадолу" агенттігінің жазуынша, түрік президентін ұлықтау рәсіміне 78 ел өкілі келген. Оның 20-сы мемлекет және үкімет басшылары. Құрметті қонақтардың арасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Басылымның жазуынша, ұлықтау рәсімі кезінде Түркия парламентінің уақытша өкілі Девлет Бахчели Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жеткенін растайтын құжатты тапсырған.

Осыдан кейін Ердоған Түркия халқына ант берген.

Сондай-ақ басылымның хабаралауынша, ұлықтау рәсімінен кейін Ердоған Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне гүл шоғын қояды.

Осыдан кейін салтанатты шара президент кешенінде жалғасады. Ол жерде Ердоған құттықтауларды қабылдайды. Бұдан соң түрік көшбасшысы аса құрметті қонақтарға дастархан жайылған Чанкая резиденциясына барады.

Басылым салтанатты іс-шараның соңы брифингпен аяқталатынын атап өтті. Жиында Ердоған үкіметтің жаңа құрамын жариялайды деп күтілуде.

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, сайлау қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.

1 маусымда Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылып, Түркия президенті ретінде қайта сайланды.

Еске сала кетсек, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Алайда ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған болатын.

Ереже бойынша кандидат сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023260-erdogan-turkiya-prezidenti-retinde-ant-berip-resmi-turde-qyzmetine-kiristi/