jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстандық БАҚ төңкеріске дайындалды деген күдікпен адамдар ұсталғанын хабарлады (видео)

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) төңкеріске қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінгендерді жаппай ұстаған.

24.kg сайтының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері мемлекеттік төңкеріске қатысты деген күдікке ілінген азаматтарды жаппай ұстаған.

"Олардың айтуынша, бір топ адам билікті күшпен басып алуға дайындалып жатқан. Арнайы жасақ әзірге нақты кімдерді ұстағаны белгісіз", - делінген хабарламада.

Kaktus media дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, қазір бір топ адамның билікті күшпен басып алуға дайындалған, барлық белсенді қатысушы ұсталуда.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың қарашасында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Ішкі істер министрлігімен (ІІМ) бірлесе отырып, елдегі билікті күштеп басып алу әрекетін тоқтатқан болатын.

Кейін бұл топты Жогорку Кенеш депутаттары мен басқа да "деструктивті ойлы" шенеуніктердің жетекшілігімен әрекет еткені хабарланды.

Қырғызстандық БАҚ төңкеріске дайындалды деген күдікпен адамдар ұсталғанын хабарлады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.