Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

9 шілдеде сайлау: Өзбекстан президенті болуға Мирзиеевпен бірге тағы кім үміткер

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы бүгін, 5 маусымда өткен отырыста ел президенттігіне үміткер төрт кандидатты тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Басылым жазуынша, бүгін Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы ел президенттігіне үміткерлердің барлығын тіркеген, сондай-ақ сайлауалды үгіт-насихаттың күнін белгілеген. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымда басталады.

Сонымен, ел президенттігіне үміткерлер:

  • Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Ілиясұлы Иноятов;
  • Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы – Либералды-демократиялық партиядан (УзЛиДеП) – Шавкат Миромонұлы Мирзиеев;
  • "Адолат" социал-демократиялық партиясынан – Робахон Анварқызы Махмудова;
  • Экологиялық партиядан – Абдушүкүр Худойқұлұлы Хамзаев.

Айта кетейік, 9 шілдеде Өзбекстанда президент сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023425-9-sildede-sailau-ozbekstan-prezidenti-boluga-mirzieevpen-birge-tagy-kim-umitker/

pixel