jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-та көлемі гольф добындай бұршақ жауып, 7 адам ауруханаға түсті (видео)

Бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

21 маусым күні кешке АҚШ-тың Колорадо штатында бұршақ жауып, әнші Луи Томлинсонның концертіне келген 90-ға жуық адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған жеті адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды NBC.

Басылымның жазуынша, концерт ашық аспан астында өткендіктен, британдық музыканттың тыңдармандары жабық жер іздеп, жүгіруге мәжбүр болған. Табиғаттың тосы мінезіне байланысты ұйымдастырушыларға да концертті тоқтауға тура келген.

Концертке келгендер бұл туралы әлеуметтік желіде жазған. Олардың айтуынша, бұршақ жауған сәт қорқынышты фильмді еске түсірген.

Өрт сөндіру-құтқару қызметінің хабарлауынша, бұршақтан зардап шеккен кем дегенде жеті адам ауыр жарақаттармен аудандық ауруханаларға жеткізілген. Тағы 90-ға жуық адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Боулдер қаласындағы Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, аймақта ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жарияланған, кейбір аудандарда гольф добының көлеміндей бұршақ жауған.

АҚШ-та көлемі гольф добындай бұршақ жауып, 7 адам ауруханаға түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.