"Ядролық қаруды ешқандай "Вагнер" қорғамайды": Лукашенко Беларуське әкелінген ядролық қару туралы айтты
Жарияланған күні:
Александр Лукашенко Беларусь Республикасына әкелінуі керек деп жоспарланған ресейлік ядролық қарудың едәуір бөлігі қазірдің өзінде ел аумағына жеткізілгенін хабарлады. Бұл туралы бүгін әскерилермен кездесуде Беларусь мемлекетінің президенті Александр Лукашенко айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"БЕЛТА" агенттігінің жазуынша, Беларусь президенті жоғары офицерлер құрамына погондарды табыс ету рәсімінде сөз сөйледі. Ол сондай-ақ "енді "Вагнер" ЖӘК Беларусь аумағында ядролық қаруды қорғаумен айналысады" деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді.
"Поляктар және басқалар "Вагнер" ядролық қаруды қорғайды деп санайды. "Вагнер" ешқандай ядролық қаруды қорғамайды. Оны орыстар мен белорустар күзетеді", - деді Лукашенко.
Оның айтуынша, бірлескен жұмыстар жүргізілуде, қызмет көрсетуді ресейлік тарап жүзеге асырады. Өйткені Беларусь мамандарының әзірге мұндай тәжірибесі жоқ.
"Біз осы ядролық қаруды сақтауға көмектесіп жатырмыз. Бұл оңай шаруа емес екен. Ядролық қаруды ешқандай "Вагнер" күзетпейді. Бұл - біздің міндетіміз. Ал қару-жарақтың қауіпсіздігіне бірінші кезекте мен жауаптымын. Сондықтан біз бұған ешқашан келіспейміз. Бізде бұл нысанды ресейліктермен бірге күзете алатын жігіттер жеткілікті", - деп қорытындылады сөзін Беларусь басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026642-yadrolyq-qarudy-esqandai-vagner-qorgamaidy-lukasenko-beloruske-akelingen-yadrolyq-qaru-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.