jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Баскетбол ойнаған Ердоған желіде көпшіліктің назарын аударды (видео)

Режеп Тайип Ердоған
Баскетбол ойнап жүрген Режеп Тайип Ердоған. Видеодан кадр: instagram.com/varank

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның баскетбол ойнап, допты себетке бірнеше рет салған видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Түркияның өнеркәсіп, сауда, энергетика, табиғи ресурстар, ақпарат және технологиялар комитетінің төрағасы Мұстафа Варанк Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Кадрларда президент Режеп Тайып Ердоғанның спорттық шеберлігін көрсетіп жатқаны түсірілген. Сондай-ақ кадрлардан Түркия көшбасшысының өте ширақ қимылдап, бірнеше рет допты себетке дөп салғанын көруге болады.

Twitter-де видеоны көргендер саны 2 миллионнан асқан. Сондай-ақ бейнежазбаға 40 мыңға жуық лүпіл басылып, 1,4 мың пікір жазылған. Ал Instagram желісінде видео 86 мыңнан астам лүпіл жинап, екі мыңнан астам пікір қалдырылған.

Еске салайық, 28 мамырда Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтіп, Ердоған ресми түрде Түркиядағы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылған еді.

3 маусымда Анкарадағы түрік парламентінің ғимаратында Режеп Тайип Ердоған Түркия президенті ретінде халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріскен болатын.

Баскетбол ойнаған Ердоған желіде көпшіліктің назарын аударды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.