jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қалың түтін мен алапат өрт: Қытайдағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды (видео)

Жарылыстан шыққан түтін
Зауыттағы жарылыс. Видеодан кадр: twitter.com/KrazedFreeman

Бүгін таңертең Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясындағы химиялық зауытта жарылыс болды. Зауыт қызметкерлері эвакуацияланып үлгерді, деп хабарлайды Қытай орталық телеарнасы.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының Гуйси округінде орналасқан Jiangxi Qiantai New Materials зауытында ірі жарылыс болған.

Қытай орталық телеарнасының ақпаратынша, зардап шеккендер жоқ.

БАҚ-тың ақпаратынша, жарылыстың себебі әзірге анықталған жоқ. Жарылыс түске жақын жергілікті уақытпен шамамен сағат 10:00-де болған.

Қалың түтін мен алапат өрт: Қытайдағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.