Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президенті інісінің ұсталуына қатысты: Біреуіне жаза, мыңына сабақ

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жемқорлық бойынша күдікке ілінген інісі Ұлан Жапаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Кабар" ақпарат агенттігіне берген cілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер Жапаровтан інісінің ұсталуына қатысты пікірін сұраған.

Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталып, жақында қамауға алынған еді.

"Қазір заман басқа. Барлығына қарым-қатынас бірдей. Егер сыбайлас жемқорлыққа қатысың бар болса, кім болсаң да ұсталасың. Мемлекетке келтірілген шығынды екі есе өтейсің, сосын шығасың. Өтемесең отыра бересің.

Егер оны менің інім болғандықтан ғана ұстамаса, онда менің басқа туыстарым да араласады. Қырғыздарда "Біреуіне жаза, мыңына сабақ" деген мақал бар", – дейді Қырғызстан президенті.

Айта кетейік, шілде айының басында Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаровтың ұсталғаны белгілі болды. Ұлан Жапаров қырғыз басшысының немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029866-qyrgyzstan-prezidenti-inisinin-ustaluyna-qatysty-bireuine-zaza-mynyna-sabaq/

pixel