jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Twitter әлеуметтік желісінің логотипі өзгерді (фото)

Twitter-дің жаңа логотипі
Twitter-дің жаңа логотипі. Фото: twitter.com/elonmusk

Twitter логотипін өзгертті. Енді әлеуметтік желінің логотипіндегі көк құстың орнына латынның "Х" әрпі жарқырайды. Бұл өзгеріс туралы әлеуметтік желінің иесі Илон Маск хабарлады.

Twitter-дегі аккаунтында Илон Маск бірнеше сағат бұрын бір әріппен – "Х" деп жазба жариялады.

Кейінірек ол әлеуметтік желінің штаб-пәтерінің сыртында жаңа логотип бейнеленген фотоны жариялады.

"Бүгінгі біздің штаб-пәтер", – деп жазды ол фото сипаттамасына.

Енді әлеуметтік желіні қолданған кезде Twitter символы болған көк құстың орнына "Х" әрпі көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің логотипін өзгерту жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

"Жақында біз ескі Twitter брендімен және біртіндеп барлық құспен қоштасамыз", – деп жазған еді ол.

Twitter әлеуметтік желісінің логотипі өзгерді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.