jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Сингапурда 20 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

Сот балғасы мен әділдік таразысы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Сингапурда есірткі сатқаны үшін сотталған әйел адамға өлім жазасы орындалды. Бұл – елде соңғы 20 жылда әйелге қатысты қолданылған алғашқы өлім жазасы, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

"Саридеви Джаманиге шығарылған өлім жазасы үкімі 2023 жылғы 28 шілдеде орындалған", - деп жазады агенттік елдің есірткімен күрес орталық бюросына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әйел 2018 жылы шамамен 30 грамм героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген.

Апелляциялық сот сотталушының шағымын қанағаттандырмаған. Сондай-ақ оның ел президентінен рақымшылық жасауын сұраған өтініші де қанағаттандырылмаған.

Агенттік ақпаратынша, өлім жазасы құқық қорғаушылардың белсенді наразылығына қарамастан орындалған. Сингапурда әйелге өлім жазасы соңғы рет 2004 жылы қолданылған.

Ол кезде 36 жастағы шаштараз заңсыз есіртікі айнылымы үшін өлім жазасына кесілген болатын.

Сингапурда 20 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.