Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эквадорда сайлауға бір апта қалған кезде тағы бір саясаткерді атып кетті

Опубликовано:

Тапанша ұстап тұрған ер адам
Тапанша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Эквадордың Эсмеральдас провинциясындағы "Азаматтық революция" саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионесті үйінің жанында белгісіз біреулер атып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы "РИА Новости" партияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

"Жауапкершіліксіз үкімет пен мафияның салдарынан Эквадор өзінің ең қанды дәуірін бастан өткеруде.

Бұл қатыгездіктен қаза тапқан әріптесім Педро Брионестің отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды блогында "Азаматтық революция" саяси қозғалысынан шыққан президенттікке үміткер Луиса Гонсалес.

Айта кетейік, бір апта бұрын Эквадорда сайлау алдындағы шеруден кейін "Строй" қозғалысынан ұсынылған президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсиоға да оқ атқан болатын. Сол күні тоғыз адам жарақат алды.

Эквадор бас прокуратурасы Вильявисенсионы өлтірді деген күдікке ілінген адам оқ жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Іс бойынша алты адам қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Эквадорда жалпы сайлау 20 тамыз күні, жексенбіде өтеді. Елдегі саяси қозғалыстардың атынан ұсынылған сегіз кандидат президент пен вице-президенттің орнына үміткер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2032480-ekvadorda-sailauga-bir-apta-qalgan-kezde-tagy-bir-sayasatkerdi-atyp-ketti/

pixel