Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдарды ұшырып әкетіп жатыр": желіде Меккедегі күшті дауылдың видеосы пайда болды (видео)

Опубликовано:

Меккедегі күшті дауыл
Меккедегі күшті дауыл. Видеодан кадр: t.me/rt_russian

Сауд Арабиясының Мекке қаласында күшті дауыл тұрды. Желдің қатты болғаны сонша, ауыр заттармен бірге адамдарды да ұшырып әкеткен.

Әлеуметтік желіде мұсылмандар үшін киелі саналатын Мекке қаласында тұрған күшті дауылдың видоесы тарауда. Кей кадрлардан жел арбалар мен басқа да заттарды ұшырып әкетіп жатқанын, тіпті қоршауларды да жұлып әкеткенін байқауға болады.

"Жел адамдарды ұшырып әкетіп, металл конструкцияларды төңкеріп жатыр: Сауд Арабиясындағы дауыл. Видео әлеуметтік желілерде жариялануда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", – деп жазды RT Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ желіде тараған видеолардан найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып жатқанын, сонымен қатар жолдарды су басып бір көліктің суда жүзіп жүргенін, тағы бірінің аударылып жатқанын көруге болады.

Еске сала кетейік, былтыр қарашада Сауд Арабиясының Жидда қаласында нөсер жауын су тасқынына әкеліп, салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысы шектелген еді.

Сол кезде жауын-шашын мөлшері 179 мм-ді құрап, 2009 жылы тіркелген рекорд жаңарған еді.

Бұдан бөлек сол кезде ТАСС агенттігі Мекке мен оған жақын аймақтарда толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адамның көз жұмғанын жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2033636-adamdardy-usyryp-aketip-zatyr-zelide-mekkedegi-kusti-dauyldyn-videosy-paida-boldy-video/

pixel