Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда TikTok-қа ресми түрде тыйым салу ұсынылды

Опубликовано:

Tiktok
Tiktok белгісі. Көрнекі фото: Jakub Porzycki / NurPhoto / Getty Images

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі платформа балаларға кері әсер ететіндіктен елде ресми түрде TikTok желісіне тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды 24.kg агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау ұсынысын елдің Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Цифрлық даму министрлігіне жасады.

Ведомствоның мәліметінше, бірнеше үкіметтік емес ұйым TikTok балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсер ететінін айтқан.

"Атап айтқанда, кейбір видеоларды көргеннен кейін жасөспірімдер оларда көрсетілген нәрсені қайталауға тырысады және көбінесе бұл қауіпті", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік баланың психикасы қалыптаспағандықтан, TikTok-тағы мазмұн балада тәуелділікті тудыратынын, балалардың эмоционалдық жағдайына нашар әсер ететінін атап өтті.

Агенттік мәліметінше, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі платформадағы мазмұнға талдау жүргізді. Оның нәтижелері бойынша платформада балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бөлігінде, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санатын бақылау функциясы жоқ екенін көрсетті.

Агенттік ақпаратынша, ведомство шешімі Қырғызстан заңнамасы аясында одан әрі шешім қабылдау үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.

Айта кетсек, жақында Қырғызстан балалар арасында ЛГБТ көзқарасын насихаттайтын ақпаратты таратуға тыйым салатын заңға қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2034610-qyrgyzstanda-tiktok-ty-resmi-turde-tyiym-saludy-usyndy/

pixel