jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мароккодағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқан адамдар саны 2700-ге жуықтады

Мароккода жер сілкінісі болған аймақтың бірі.
Мароккода жер сілкінісі болған аймақтың бірі. Фото: Fadel Senna/AFP/Getty Images

Мароккодағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқан және жарақат алған адамдар саны артты, деп хабарлайды РИА Новости жергелікті басылымға сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның Марокконың Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйеніп жазуынша, елдегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2681 адамға жеткен.

Ал зардап шеккендер саны 2501 адамға жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Мароккода қуаты 7,2 балдық жер сілкінісі 9 қыркүйекке қараған түні болды. Жерасты дүмпуі Рабат, Касабланка және Эс-Сувейра қалаларында да сезілген.

Табиғи апаттан көптеген адамның қаза болуына байланысты елде үшкүндік қаралы күн жарияланды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Мароккодағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқан адамдар саны 2700-ге жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.