jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары болады

Айшат Қадырова
Айшат Қадырова. : instagram/firdaws_officiel

Рамзан Қадыровтың Шешенстанның Мәдениет министрі болған 24 жастағы үлкен қызы Айшат Қадырова ел үкіметі басшысының орынбасары болып тағайындалады. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-дағы ресми арнасында 2 қазанда үкіметте кеңейтілген отырыс өткізіп, Шешенстан Республикасы үкіметінің төрағасы Муслим Хучиев пен парламент төрағасы Магомед Даудовтың есептерін тыңдағанын жазды.

"Кездесу барысында Мүсілім Магомедұлы Шешенстан Республикасының Мәдениет министрі қызметін атқарған Айшат Қадырованы Шешенстан үкіметі төрағасының әлеуметтік блок бойынша орынбасары қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасады.

Мен Муслим Хучиевтің ұсынысын қолдадым. Әрине, Айшат Қадырованың өңірлік Мәдениет министрлігінің қызметін жетілдіруге қосқан үлесі және жинақталған жұмыс тәжірибесі зор", - деді Рамзан Қадыров.

Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова 1998 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Шешенстан мемлекеттік университетін бітірген.

2016 жылдан бастап Айшат Қадырова Firdaws сән үйін басқарды, ал 2020 жылдың қыркүйегінде Шешенстанның Мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

2021 жылдың қазан айында Айшат Қадырова Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды. Ол кезде Рамзан Қадыровтың қызы небәрі 22 жаста болатын.

Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.