jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

Әзербайжан билігі Таулы Қарабақтың үш экс-президентін ұстады

Бако Сахакян
Бако Сахакян 2011 жылы. Фото: Kyodo News Stills via Getty Images

Әзербайжан билігі мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы үш президентін, сондай-ақ парламенттің экс-спикері Давид Ишханянды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап жазуынша, Әзербайжанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының экс-президенттері Аркадий Гукасян мен Бако Саакянды, сондай-ақ парламенттің экс-спикері Давид Ишханянды ұстап, оларды Бакуге жеткізген.

Басылым ақпаратынша ұсталған үш адамға да қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар басылым мәліметінше, бұған дейін Әзербайжан прокуратурасы халықаралық іздеу жариялаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы басшысы Араик Арутюнян да ұсталған.

Айта кетейік, Аркадий Гукасян мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасын 1997 жылдан 2007 жылға дейін, одан кейін Бако Саакян 13 жыл бойы басқарды.

Ал Араик Арутюнян елді 2020 жылғы мамырдан 2023 жылғы 1 қыркүйкке дейін басқарып, кейін отставкаға кеткенін мәлімдеді. Ал биылғы жылдың 9 қыркүйегінде Самвел Шахраманян Таулы Қарабақтың басшысы болып сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін республиканың мемлекет ретінде қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Республиканың ақпараттық штабының мәліметіне сай, шешім 2023 жылғы 19 қыркүйектен кейін туындған жағдайға байланысты қабылданған.

Әзербайжан билігі Таулы Қарабақтың үш экс-президентін ұстады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.