jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ауғанстандағы жер сілкінісі: зілзаладан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдары
Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдары. Фото: MOHSEN KARIMI/AFP / Getty Images

Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты. Тағы он мыңға жуық адам зілзаладан зардап шеккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ РБК басылымына сілтеме жасап.

Ауғанстан Табиғи апаттар бойынша министрлігінің өкілі Мулла Джанан Саиктың хабарлауынша, жер сілкініс салдарынан 2053 адам қаза тапқан. Жер асты дүмпулерінен 9240 адам зардап шекті.

Сонымен қатар 1300-ден астам үй қираған немесе бүлінген.

Еске сала кетсек, Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласының батысында 40 км жерде болған. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталған.

Ауғанстандағы жер сілкінісі: зілзаладан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.