Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль-Палестина қақтығысынан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Израиль, Газа секторы
Газа секторы, оқиға орны. Фото: Ilia Yefimovich/picture alliance via Getty Images

ХАМАС-тың Израильге сенбі күні таңертең жасаған шабуылынан, сондай-ақ Израильдің бұған жауап ретінде Газа секторына жасаған соққысының салдарынан 1000-нан астам адам қаза тапқан.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 560-қа жеткен. Бұған дейін 430 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

"Сағат 15:00-дегі (Астана уақытымен 18:00 – ред.) мәлімет бойынша, 560 азамат қаза тауып, 2900 адам әр түрлі дәрежеде жарақат алған", - делінген Газа Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бұл ретте Израиль жағынан кемінде 800 адам қаза тауып, зардап шеккендер саны 2500 адамнан асқан. Олардың ішінде 23 адамның жағдайы өте ауыр, ал 353 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Израильдегі жағдай

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Оған қоса бұған дейін Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өткен болатын. Алайда Қауіпсіздік кеңестің мүшелері ешқандай мәлімдеме жасай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040247-izrail-palestina-qaqtygysynan-qansa-adamnyn-qaza-tapqany-belgili-boldy/

pixel