Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдің Ақпарат министрі отставкаға кететінін хабарлады

Опубликовано:

Галит Дистель Атбарян
Галит Дистель Атбарян. Фото: twitter.com/TimesofIsrael

Израильдің Ақпарат министрі Галит Дистель-Атбарян кеше кеште қазіргі үкімет оның өкілеттігін екінші орынға қойып жатқанын алға тартып, отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды The Times of Israel.

Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Дистель-Атбарян ХАМАСтың Израильге жасаған шабуылынан кейін премьер-министр кеңсесіндегі Қоғамдық дипломатия басқармасы Сыртқы істер министрлігімен бірігіп, Израильдің соғыс уақытындағы қоғамдық дипломатиясын үйлестіруге жауапты Диаспора істері министрлігін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Дистель-Атбарян өзінің кеңсесі "бастапқыда берілген өкілеттіктен айырылғандықтан, күн сайын жұмыс істеп тұрғаны мемлекеттік қаражатты ысырап ететінін мойындаудан басқа амал жоқ" деді.

Басылымның жазуынша, ол қызметке кіріскеннен бері бірнеше рет, атап айтқанда, үкімет жүргізіп жатқан сот жүйесіндегі реформаларды насихаттағаны, сондай-ақ арандатушылық мәлімдемелері үшін бірнеше рет қатаң сынға ұшыраған.

Сонымен қатар министр осы аптада Израиль ондаған жылдардағы ең ауыр шабуылға тап болғанда ведомство қызметінің белсенділік танытпағаны үшін тағы да сынға ұшырады.

Дистель-Атбариан бюджеттен бөлінген қаражатқа қатысты да кедергілер болғанын айтты. Оның сөзінше, бөлінген қаражатты 17 апта бұрын алған.

"Қазіргі жағдайда бұл министрлік елдің дамуына елеулі үлес қоса алмайды, мен үшін мемлекеттің игілігі маңызды", - деп қосты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040823-izraildin-aqparat-ministri-otstavkaga-ketetinin-xabarlady/

pixel