Эквадор тарихындағы ең жас президент туралы не білеміз
Жарияланған күні:
Читать на русском35 жастағы Даниэль Нобоа Эквадордағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ел тарихында ең жас мемлекет басшысы ретінде танылған. Ол сайлау кезінде тұрғындардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған еді.
Эквадор Ұлттық сайлау кеңесі сайтының хабарлауынша, Даниэль Нобоа 52,1 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы Луиза Гонсалес 47,9 пайыз дауыс жинаған. Луиза Гонсалес сайлауда жеңілісін мойындап, қарсыласын президент болуымен құттықтады.
Бірақ Нобоа мемлекет басшысы қызметін небәрі 17 ай – 2023 жылы қараша айының соңынан мамыр айына дейін атқарған. BBC басылымының мәліметіне сүйенсек, Эквадордағы биылғы президент сайлауы мерзімінен бұрын өткендіктен, Нобоадан бұрын президент болған Гильермо Лассо импичментке байланысты парламентті таратып жіберген болатын.
Даниэль Нобоа 35 жасында туған күніне 5 күн қалғанда 25 қараша күні президент болып сайлануына орай ант беру рәсіміне қатысады.
Сондай-ақ БАҚ ақпаратына сүйенсек, жаңадан сайланған президент – "Ұлттық демократиялық қозғалыстың" өкілі әрі Эквадор президенттігіне бес рет үміткер болған кәсіпкер Альваро Нобоаның ұлы.
Даниэль Нобоаның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, саясаткер 1987 жылы 30 қарашада Гуаякиль қаласында дүниеге келген.
Ол Нью-Йорк университетінің Стерн Бизнес мектебінде бизнесті басқару мамандығы бойынша білім алған. Нобоа мемлекеттік қызметке деген қызығушылығының арқасында Кеннеди атындағы Гарвард мектебінде мемлекеттік басқару саласын меңгерген әрі Джордж Вашингтон университетінде үкімет және саяси коммуникациялар саласында магистр дәрежесін алған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Эквадордың Эсмеральдас провинциясындағы "Азаматтық революция" саяси қозғалысының жетекшісі Педро Брионесті үйінің жанында белгісіз біреулер атып кеткендігі туралы жазған едік. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2041163-ekvador-tarixyndagy-en-zas-prezident-turaly-ne-bilemiz/