Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирия: Израиль әуе күштері Дамаск пен Алепподағы әуежайларға әуе шабуылын жасады

Опубликовано:

Сириядағы Алеппо халықаралық әуежайы
Сириядағы Алеппо халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: LOUAI BESHARA/AFP via Getty Images

Сирия Көлік министрлігінің хабарлауынша, Израиль әуе күштері Алеппо және Дамаск әуежайларына әуеден шабуыл жасаған. Қазіргі уақытта әуежайлар жұмыс істемейді, деп хабарлады SANA.

"Жексенбі күні таңертең Израиль Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларына жойқын агрессия танытып, оларды істен шығарды. Дамаск пен Алеппо әуежайларындағы барлық жоспарланған рейс (келу және кету рейстері) Латтакия халықаралық әуежайына ауыстырылады", – деп жазады басылым Сирия Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін басылым әскери дереккөзге сілтеме жасап, әуе шабуылы жергілікті уақыт бойынша 05:25-те жасалғанын хабарлаған болатын.

"Агрессия Дамаск және Алеппо халықаралық әуежайларына бағытталды, салдарынан Дамаск әуежайының бір азаматтық қызметкері қаза тауып, бір жұмысшы жараланды", – делінген басылымның хабарламасында.

Басылым мәліметіне сүйенсек, әуе шабуылы салдарынан екі әуежайдың ұшу-қону жолақтарына материалдық зақым келтірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2042052-siriya-izrail-aue-kusteri-damask-pen-aleppodagy-auezailarga-aue-sabuylyn-zasady/

pixel