Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс: Газада шамамен 2 мың бала көз жұмған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Газа секторы
Газа секторы.Фото: Jack Guez/AFP/Getty Images

Израиль мен ХАМАС арасында қақтығыс басталғалы бері Газа секторында кемінде 2 мың бала, Иордан өзенінің батыс жағалауында 27 бала көз жұмған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Save the Children қайырымдылық ұйымына сілтеме жасап.

Save the Children қайырымдылық ұйымының Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Таяу Шығыстағы қақтығыс ушыққалы бері Газа секторында 2 мыңға жуық бала қаза тауып, 4,6 мыңға жуық бала зардап шеккен.

Сондай-ақ қайырымдылық ұйым израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, Израильде яғни, Иордан өзенінің батыс жағалауында кәмелет жасына толмаған 27 бала көз жұмған.

"Газа секторындағы денсаулық сақтау инфрақұрылымына келтірілген шығынға, сондай-ақ дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты дәрігерлерге қиын таңдау жасауға тура келіп отыр. Мысалы, олар операцияларды анестезиясыз жасауға мәжбүр.

Газа секторы шағын, халқы тығыз орналасқан қала болғандықтан, аяусыз жасалып жатқан әуе шабуылдарының салдарынан балалар қаза болып, кейбірі мүгедек болып қалуда. 1 миллионнан астам бала не бас сауғалайын жер таппай, не қаланы тастап кете алмай қақтығыстың ортасында қалған", - делінген ұйымның сайтында жарияланған хабарламада.

Ұйым директоры Джейсон Лидің айтуынша, балалар ересектерге қарағанда әлсіз әрі қорғансыз.

"Тез арада атысты тоқтату туралы ымыраға келу керек. Біз барлық тарапты балалардың өмірін қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауға, ал халықаралық қауымдастықты бұл шараларды белсенді түрде қолдауға шақырамыз.

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың медициналық көмекті Газадан тыс жерде алуға мүмкіндігі болу керек. Балалардың өмірін қорғаудың жалғыз жолы — зорлық-зомбылықты тоқтату", - деп келтірді ұйым Джейсон Лидің сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазанда Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасында жасалған соққыдан жүздеген адам қаза тапқан болатын.

Ал 22 қазанда Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен бірге қаза тапқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2042289-izrail-men-xamas-arasyndagy-qaqtygys-gazada-samamen-2-myn-bala-koz-zumgan/