Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нетаньяху ХАМАС-пен соғыстың үшінші кезеңі басталғанын айтты: қазіргі ахуал қандай

Опубликовано:

Израиль армиясының M109 гаубицасы
Израиль армиясының M109 гаубицасы. Фото: Photo by JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин "антиизраильдік акцияларды" Батыс пен Украинадан көріп отыр. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен соғыстың үшінші кезеңі басталғанын жариялады. KAZ.NUR.KZ тілшісі Таяу Шығыстағы оқиғаларға шолу жасады.

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік телеарналардан сөйлеген сөзінде Махачкаладағы Израильге қарсы тәртіпсіздіктерді "Батыс барлау агенттері" ушықтырды деп айыптады. Оның сөзінше, ХАМАС-тың Израильге шабуылы мен Израильдің жауабы артында Батыс тұр.

Путин Палестина халқының қырылып жатқаны туралы ақпарат көргенде "көзіне жас келіп, жұдырығы түйілетінін" мәлімдеді.

Ақ үй оған бұл "классикалық ресейлік риторикасы" және "нағыз қорқыту" деп жауап берді. Путин туралы сұраққа берген жауабында АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби сарказммен жауап қатты: "Әсем көрініс емес пе? Классикалық ресейлік риторика: елде әлдене дұрыс болмай жатса, басқа біреуді айыптай салу. Бұған Батыстың еш қатысы жоқ. Бұл жай ғана жек көру, фанатизм және қорқыту", - деді ол Ақ үйде өткен брифингте.

Израиль премьер-министрі үкіметте сөз сөйлеп отырған сәт
Израиль премьер-министрі үкіметте сөз сөйлеп отырған сәт. Фото: gov.il

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС қозғалысымен соғыстың үшінші кезеңіне өттік деп мәлімдеді. Бұл туралы премьердің ресми сайтында айтылады.

"Біз соғыстың ортасында тұрмыз. Біз ХАМАС-тың әскери және басқарушылық әлеуетін жою туралы нақты мақсат қойдық. Біз мұны жүйелі түрде жасаймыз. Ең алдымен, бұғаттаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Екінші кезең – әуеден атқылау. Үшінші кезең – Цахал Газа секторына құрлықтағы шабуылын кеңейтті", - деді ол.

Өз кезегінде ХАМАС өкілдері израильдік шабуылдарға "толыққанды күшпен" тойтарыс берілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ХАМАС ресми Telegram арнасында израильдік үш тұтқынның видеосын жариялады. (Әскери тұтқындар мен кепілге алынғандар халықаралық гуманитарлық құқықпен қорғалғанына байланысты редакция видеоны жарияламайды).

Роликте бір әйел камераға қарап сөйлейді. Ол Израиль премьері Нетаньяхуға: "Сіз бәрімізді босатуға уәде бердіңіз. Оның орнына біз сіздің саяси және әскери сәтсіздіктеріңізге жауаптымыз", - дейді. Содан кейін ол ХАМАС тұтқындаған адамдарды Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға дереу айырбастауға шақырады.

Цахал ресми өкілі Даниэль Хагари бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Мәлімдеме Израиль қорғаныс армиясының ресми сайтында жарияланды.

"Даниэлла, Елена мен Римонаны көріп, жүрегіміз ауырды. Біз сіздермен біргеміз. ХАМАС бізге қарсы психологиялық террор жүргізіп жатыр. ХАМАС бұл материалды бөлісіп, біздің қиналуымызды қалайды. Дәл осы себепті біз ұстамды болуымыз керек. Біз ХАМАС-тың интеллектуалдық ойындарына қатыспауымыз керек, оларды осылайша жеңеміз", - деп мәлімдеді Хигари.

Telegram "бүкіл өркениетті әлемнің ережелерін бұзғаны үшін" "Утро Дагестана" арнасын бұғаттады. "Зорлық-зомбылыққа шақыратын арналар Telegram, Google, Apple және бүкіл өркениетті әлем ережелерін бұзғаны үшін бұғатталады", - деп жазды Павел Дуров өзінің Telegram арнасында.

Айта кетейік, 28 және 29 қазанда мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Илья Пономарев бастаған "Утро Дагестана" арнасыTelegram арнасында Солтүстік Кавказға "Израильден келетін босқындар" туралы хабарламалар, сондай-ақ антисемитизмге толы, зорлық-зомбылық жасауға үндеулер жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043313-netanyaxu-izrail-xamas-pen-sogystyn-usinsi-kezeni-bastalganyn-aitty-qazirgi-axual-qandai/

pixel