Израиль-ХАМАС соғысы: Газада күніне 160 бала қаза тауып жатыр
Жарияланған күні:
Израиль мен ХАМАС соғысының 33-күнінде қандай маңызды жаңалықтар болды? KAZ.NUR.KZ тілшісі шолу жасады.
- Палестина билігі Хан-Юнис пен Рафах қалаларына жасалған әуе соққысынан Газа секторында 20-дан аса адам қаза тапқанын хабарлады. Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эскалациядан бері 10 468 адам қаза тауып, 27 мыңнан астам адам зардап шеккен.
- БҰҰ-ның ірі гуманитарлық агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гуманитарлық мақсатта Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырған бірлескен мәлімдеме жасады.
"Қазір 717 мыңнан астам адам анклавтың бүкіл аумағындағы нысандарында, оның ішінде солтүстігінде, Израильдің сол жерде жүргізіп жатқан әскери операциясының нәтижесінде сектордың қалған бөлігінен ажырап қалған", - делінген бірлескен мәлімдемеде.
- Газадағы азаптың ауқымын елестету қиын, деп атап өтті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Кристиан Линдмайер Женевадағы журналистерге сөйлеген сөзінде. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, анклавта күн сайын орташа есеппен 160 бала қайтыс болады, ал қаза тапқандардың жалпы саны 10 000-нан асады.
Израильде адамдар қорқады, жарақат алып жатыр және жақындары үшін алаңдайды, деді ДДСҰ өкілі ХАМАС кепілге алғандарды дереу босатуға шақыруды қайталап. Тұтқында болғандардың көпшілігі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, деп атап өтті ол.
- Израиль қорғаныс армиясы ХАМАС-тың барлау және қару-жарақ бөлімін басқарған басшылардың бірі Мохсен Әбу Зиннің көзі жойылғанын хабарлады. Әскерилердің айтуынша, ол стратегиялық оқ-дәрілер мен зымырандар шығаруға жауапты болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2044802-izrail-xamas-sogysy-gazada-kunine-160-bala-qaza-tauyp-zatyr/