Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Палестиналықтарды Газадан кетіру – соғыс ашу": Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай қандай

Опубликовано:

Жергілікті тұрғындар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 06.11.2023 Газа, Палестина.
Жергілікті тұрғындар іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 06.11.2023 Газа, Палестина. Фото: YOUSEF ALZANOUN/Getty Images

Таяу шығыстағы эскалацияға тараптармен қоса, әлем елдерінің биліктері де пікір білдіріп жатыр. KAZ.NUR.KZ тілшісі Таяу Шығыстағы эскалацияда қазіргі жағдайды баяндайды.

Израиль президенті Ицхак Герцог "Израильге мектептерден, мешіттерден, дүкендерден және тұрғын үйлерден (ХАМАС) ұшырылатын зымырандармен шабуыл жасалып жатқанын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Talk TV телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы мешіттен зымыран кешенін анықтағанын хабарлаған еді. Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз хатшысының Х-аккаунтында (бұрынғы Twitter) айтылған.

Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху соғыс аяқталғаннан кейін Газа секторын кім басқарады деген сұраққа жауап берді.

"ХАМАС-тың жолын жалғағысы келетіндер... Израиль белгісіз уақыт бойында қауіпсіздік үшін жалпы жауапкершілікті өз мойнына алады, себебі біз бұлай болмаса, не болатынын көрдік... ХАМАС террорының қалай өзіміз де ойламағандай деңгейде тарап кеткенін көрдік", - деп мәлімдеді ол ABC News телеарнасына берген сұхбатында.

Ал Түркия президенті әкімшілігіне қарасты Байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун батыс БАҚ-тарын ақпаратты жасырды деп айыптады. Алтун бұл сөзін түркі мемлекеттері ақпарат агенттіктерінің медиа-саммитінде айтқан.

Ірі медиакомпаниялар журналистер мен бейбіт палестиналықтардың өлімі туралы ақпаратты жасырады, дейді. Түрік ведомствосы басшысының айтуынша, Израиль шабуылдары салдарынан Газада 46 журналист қаза тапқан.

"Батыс елдерінің ірі медиа компаниялары бұл қырғынды әлемдік қоғамның назарынан тыс қалдыру үшін керемет және ұятсыз жұмысын жалғастырып жатыр", - деп келтіреді оның сөзін "Анадолу".

Оның пікірінше, батыстық медиа оқиғаларды жасыруының басты себебі - жаһандық капиталға тәуелділік.

Ал Иордания премьер-министрі Бишар әл-Хасауне палестиналықтардың Газадан кетуі соғыс ашу деп бағаланатынын мәлімдеді.

"Палестиналықтарды Газа секторынан немесе Иордан өзенінің Батыс жағалауынан көшірудің қайсыбір әрекеті де соғыс ашу деп бағаланады", - деп жазды Иордания премьер-министрі Х әлеуметтік желісінде.

Алайда сол Х желісінде оған Израиль СІМ басшысы Лиор Хайат жауап қатты. Ол "Израиль Газа секторын депортациялауға ниетті емес екенін" мәлімдеді.

"Израильдің Иорданиямен қарым-қатынасы қос ел үшін де стратегиялық маңызға ие және біз Иордания басшылығының арандатушылық хабарламалар жасауын өкінішпен қабылдаймыз. Біздің мақсатымыз – ХАМАСТЫ жою. Израиль бейбіт тұрғындарға зиян келтіруге немесе оларды жер аударуға ниеті жоқ", - деп атап өтті еврей мемлекетінің СІМ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2044419-palestinalyqtardy-gazadan-ketiru-sogys-asu-tayau-sygystagy-qazirgi-zagdai-qandai/

pixel