Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыламауға тырысқан": Байден мен Си Цзиньпин кездесуіндегі Блинкеннің іс-әрекеті желіде қызу талқылануда (видео)

Жарияланған күні:

Энтони Блинкен
Энтони Блинкен. Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

Бүгін Сан-Францискода АҚШ пен Қытай көшбасшылары Джо Байден мен Си Цзиньпиннің кездесуі өтті. Бірақ желі қолданушылары қос елдің басшысына емес, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің іс-әрекетіне назар аударған.

Джо Байден мен Си Цзиньпин Сан-Францискодағы тарихи ғимаратта кездесті. Іс-шараға Бейжің мен Вашингтонның ресми тұлғалары, соның ішінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де қатысты. Жиын кезіндегі оның іс-әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түскен.

X әлеуметтік желісінде Джо Байден мен Си Цзиньпиннің кездесуінен бірнеше видео жарияланды. Видео сипаттамасы мен пікірлерде көпшілік Байденнің жанында отырған Блинкеннің қатты қобалжығанын және көз жасын ұстауға тырысып отырғанын жазады.

"Энтони Блинкенге не болды", "Ол жыламауға тырысқан сияқты", "Ол жақсы ма? Әйтеуір қатты уайымдап отыр", "Байденге тағы 4 жыл шыдай ала ма?" - деп жазады желі қолданушылары.

Кейбір пайдаланушылар "Блинкен Байденді мұқият бақылап отырды және егер ол қателессе, оны түзетуі керек еді" деп топшылаған.

Айта кетейік, 6 қарашада Түркия СІМ басшысымен кездесу барысында Энтони Блинкен БАҚ пен желі қолданушыларының назарын аударған ыңғайсыз жағдайға тап болған еді.

Блинкен қол алысқан Хакан Фиданды құшақтасуға тырысқан. Алайда министр Блинкеннің бұл іс-әрекетіне жауап бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2045983-zylamauga-tyrysqan-baiden-men-si-czinpin-kezdesuindegi-blinkennin-is-areketi-zelide-qyzu-talqylanuda-video/