Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ өкілі қанша қазақстандық Газа секторынан кетуден бас тартқанын айтты

Опубликовано:

Газа секторы
Газа секторы.Фото: Jack Guez/AFP/Getty Images

Бүгін мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Газа секторында әлі қанша қазақстандық қалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров эвакуациялау кезінде Газа секторында 161 адам болғанын айтты.

"99 (адам - ред.) ұшып кетуге ниет білдірді, оларға мүмкіндік бердік. Қазақстанның тағы 17 азаматы мен олардың отбасы мүшелері әртүрлі себеппен эвакуациядан бас тартуды ұйғарды. Біз келіскендерді шығарып алдық. Бұл мәселе бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Алдағы уақытта кеткісі келетін азаматтар болса, біз олармен жұмыс істейміз. Қолдарында билеті бар және ол жерден кеткісі келетін азаматтар да бар, олармен Мысыр, Иордания және Израильдегі өкілдіктеріміз жұмыс істеп жатыр", - деді Омаров.

Оның айтуынша, жақын арада эвакуациялық рейстер болмайды.

"Әзірге эвакуация болмайды. Көмек керек болған адамдар шығарылды. Бүгінде олар Қазақстанда, барлық қажетті жұмыс жүріп жатыр. Қалып қойған 17 (адам - ред. ескерт.) қазақстандық, негізінде ол жерде отбасы мүшелерін қосқанда барлығы 60-қа жуық адам. Арасында Палестина азаматтары да бар. Олардың қатарында біліктілігі жоғары дәрігерлер де бар. Сондықтан олар сол елге қажет болғандықтан бұл аумақтан әлі босатылған жоқ. Біз ұсынатын тізімді Мысыр үкіметі мен Израиль үкіметі қарап, рұқсатты солар береді. Шығуға рұқсаты бар азаматтармен жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Еске салайық, 17 қарашада Газа секторынан арнайы эвакуациялық бортпен 99 адам – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматыға келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047087-sim-okili-qansa-qazaqstandyq-gaza-sektorynan-ketuden-bas-tartqanyn-aitty/

pixel