Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нетаньяху ХАМАС-пен бітімгершілік уақытын ұзартудың шартын атады

Опубликовано:

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Фото: Jacquelyn Martin/Getty Images

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху ХАМАС пен Израиль арасындағы бітімгершілік "бір күн - он адам" формуласы бойынша ұзартылуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлады.

Израильдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған басылым Нетаньяхудың АҚШ президенті Джо Байденмен әңгімесінен хабар таратқан. Олардың әңгімесінде Израиль премьері ХАМАС кепілге алынғандарды босатуы үшін қазір қолданылып жатқан бітімгершілікті ұзартуға дайын екенін мәлімдеген. Бітім басталғалы ХАМАС 60-қа жуық израильдік пен шетелдікті босатқан.

"Біз кепілге алынғандардың, балалар мен әйелдердің тағы бір тобын үйіне жеткіздік, отбасылардың басы қосылғанын көріп, бұл жағдай түгелдей ұлтымызға әсер еткендей маған да әсері тиді", - деді премьер-министр.

Ол бітімгершіліктің әр күні үшін ХАМАС кепілге алынған 10 адамды қайтару шарты сақталса, бітім ұзартылуы мүмкін деп мәлімдеді. Сонымен бірге, Израиль премьер-министрі бітімгершілік келісімі тоқтатылғаннан кейін, ел армиясы өзінің мақсаттарына – ХАМАС-ты жоюға, Газа секторы бұрынғы қалпына келмеуі үшін және барлық кепілге алынғанды босатуға оралу миссиясын жалғастыратынын атап өтті.

БАҚ-тың хабарына қарағанда, ХАМАС та келісімді ұзартуға келісіп отыр.

Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы төрт күндік бітім 24 қарашада күшіне енген еді. Бұған дейін тараптар кепілге алынған 50 адамның орнына Израиль Газа секторына оқ атуды тоқтатады деп келіскен болатын. ХАМАС-пен уақытша бітімгершілік келісімін Израиль үкіметі, Цахал, "Моссад" пен "Шин Бет" барлау қызметтері қолдаған.

Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир басқаруындағы "Оцма Йехудит" ультраұлтшыл фракциясының мүшелері ғана бітімге қарсы болған. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху уақытша бітімгершілік соғыс пен Газадағы операцияның аяқталуын білдірмейтінін атап өткен.

"Біз барлық мақсатымызға жеткенше соғысты жалғастырамыз: ХАМАС-ты жойып, кепілге алынғандар мен хабар-ошарсыз кеткендерді қайтарамыз және Газа секторында Израильге қауіп төнбейтіндей жағдай жасаймыз", - деген еді Израиль премьер-министрі.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, қазір ХАМАС ұстап отырған тұтқындардың саны шамамен 240 адам, олардың арасында Израильдің ғана емес, Таиланд, АҚШ және басқа да бірқатар елдің азаматтары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047692-netanyaxu-xamas-pen-bitimgersilik-uaqytyn-uzartudyn-sartyn-atady/

pixel