Израиль мен ХАМАС бітімді тағы екі күнге ұзартуға келісті
Жарияланған күні:
Газа секторында бітім тағы екі күнге созылды. Бұған дейін ХАМАС пен Израиль төрт күндік бітімге келіскен еді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.
Катардың сыртқы істер министрі Газада бітімгершілікті тағы екі күнге ұзартуға қол жеткізілгенін хабарлағаны айтылады.
ХАМАС бітім Катармен және Мысырмен келісім бойынша ұзартылды деп мәлімдеп отыр, ал Израиль Газада кепілде отырғандардың көбін мүмкіндігінше босату үшін атыс қимылдарындағы кідірісті ұзартуға дайын екенін мәлімдеген.
Газа секторындағы бітім
Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы төрт күндік бітім 24 қарашада күшіне енген еді - бұған дейін тараптар кепілге алынған 50 адамның орнына Израиль Газа секторына оқ атуды тоқтатады деп келіскен болатын.
ХАМАС-пен уақытша бітімгершілік келісімін Израиль үкіметі, Цахал, "Мосад" және "Шин Бет" барлау агенттіктері қолдаған. Бұған Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир құрамына кіретін "Оцма Йехудит" ультраұлтшыл фракциясының мүшелері ғана қарсы болды.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху уақытша бітімгершілік соғыс пен Газадағы операцияның аяқталуын білдірмейтінін атап өткен.
Кейінірек Нетаньяху ХАМАС пен Израиль арасындағы бітімгершілік "бір күн — он адам" формуласымен ұзартылуы мүмкін деп мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047880-izrail-men-xamas-bitimdi-tagy-eki-kunge-uzartuga-kelisti/