jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Израиль армиясы 7 қазандағы шабуылға қатысы бар ХАМАС командирінің көзі жойылғанын хабарлады

Газадағы атыс
Газадағы атыс. Фото: Mustafa Hassona/Anadolu Agency via Getty Images

ЦАХАЛ 7 қазандағы шабуылға қатысы бар ХАМАС-тың "Шати" батальоны командирінің көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Израиль армиясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Операция Израиль қауіпсіздік күштерімен бірлесіп жүргізілген. ЦАХАЛ мәліметінше, жойғыш ұшақтың соққысынан ХАМАС-тың "Шати" батальонының командирі Хайтам Хуваджари қаза болған.

"Оның қолбасшылығымен ХАМАС лаңкестері 7 қазанда Израильдің оңтүстігінде басып алу мен жаппай кісі өлтіру болып жатқан кезде Израиль шекарасынан өтіп, аумағына кірген. Сонымен қатар Хуваджари Шифа ауруханасында ХАМАС лаңкестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен әрі Шати аймағында ЦАХАЛ сарбаздарымен соғысып жатқан ХАМАС күштерін басқарған. Бұдан бөлек, ол израильдіктерге қарсы жасалған көптеген лаңкестік шабуылға қолбасшылық еткен", - делінген Израиль армиясының мәлімдемесінде.

ХАМАС әзірге Хуваджаридің өлімі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Естеріңізге сал кетейік, 7 қазанда таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

Израиль армиясы 7 қазандағы шабуылға қатысы бар ХАМАС командирінің көзі жойылғанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.