jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Израильдіктерге Қазақстанға және басқа да бірқатар елге әзірге бармауға кеңес берілді

әуежайдағы жолаушы
Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Израиль билігі шетелге шығатын израильдіктерге кей мемлекеттерге бармауға кеңес беріп, "қауіп деңгейі жоғары" елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Израиль Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Израиль Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасы "Темір қылыштар" операциясы басталғалы израильдіктердің шетелдегі қауіпсіздік жағдайын үздіксіз бақылағанын мәлімдеді.

2023 жылғы 3 қарашасында израильдіктердің шетелдегі тәртібі туралы нұсқаулықтар жарияланып, бірнеше елде қауіп бары айтылды.

"Біз барлық елге терең талдау жүргізіп, соған сәйкес олардың қауіп-қатер деңгейін сараладық", - деді ведомство өкілдері.

  • Батыс Еуропа елдері (Ұлыбритания, Франция және Германияны қоса), Оңтүстік Америка (Бразилия мен Аргентинаны қоса) және Аустралия мен Ресей 2-қауіп деңгейіне дейін көтерілді;
  • Африка (Оңтүстік Африка мен Эритреяны қоса) және Орталық Азия елдері (соның ішінде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан) 3-қауіп деңгейі саналды, бұл елдерге қажетсіз сапарларды қайта қарау ұсынылды.
Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

"Шетелге шығатын израильдік азаматтарға баратын жерлерін дұрыс таңдауды, қайда барса да сақтық шараларын сақтауды және тәртіпке мән беруді ұсынамыз", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Израильдіктерге Қазақстанға және басқа да бірқатар елге әзірге бармауға кеңес берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.