Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдің Газаға шабуылынан 17,7 мың адам қаза тапты

Опубликовано:

Газа секторындағы атыс
Газа секторындағы атыс. Фото: Mustafa Hassona/Getty Images

Израиль армиясының Газа секторына 7 қазанда бастаған соққысы салдарынан 17 700 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолы агенттігі Газа денсаулық министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф аль-Кудраға сілтеме жазды, деп хабарлайды Кazinform.

Ажал құшқандардың арасында 295 медицина маманы, 84 тілші бар.

Ашраф аль-Кудраның мәліметіне сәйкес, палестиналық эксклавта кейінгі тәулікте 213 адам қайтыс болды. Жарақат алғандар саны 48 780 адамға жеткені де айтылады.

Басылым мәліметінше, Израиль армиясының соққысы 132 медициналық ұйымның ғимаратын зақымдады. 22 аурухана мен 46 медорталық жұмысын тоқтатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2050100-izraildin-gazaga-sabuylynan-177-myn-adam-qaza-tapty/

pixel