jitsu gif

Украинадағы ауылдық кеңес отырысында депутат граната жарды: ондаған адам жараланды

facebook/Національна поліція України
Оқиға орны. Фото: facebook/Національна поліція України

Закарпатьеде Керецковский ауылдық кеңесінің ғимаратында депутат ауылдық кеңестің отырысы кезінде граната жарып жіберген. Салдарынан 26 адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарап жатыр.

Кадрларда кіреберісте тұрған ер адам бөлмеде отырған адамдарға дауыс көтеріп сөйлей бастағаны көрсетілген. Кейін гранатаға ұқсас нәрсені бірінен соң бірін еденге лақтырған. Бір-екі секундтан кейін жарылыс болған.

Украина Ұлттық полициясы Facebook-тегі парақшасында бұл оқиға туралы ақпарат жариялады.

"Бүгін сағат 11:37-де 102 желісіне депутаттардың бірі Керецковский ауылдық кеңесінің ғимаратында сессия кезінде гранаталарды жарып жібергені туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан бір адам қаза тапты, ол - жарылыс жасаушының өзі. Оқиға орнында барлық тиісті қызмет өкілдері, полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ведомстводағылар.

Кейін Ұлттық полиция оқиға салдарынан барлығы 26 адам жарақат алғанын, оның алтауының жағдайы ауыр екенін мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.