jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: twitter.com/XHNews

Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Shanghai Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ганьсу мен Цинхай провинцияларында дүйсенбіде түн ортасында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 131-ге жеткен.

"Ганьсуда барлығы 113 адам, Цинхайда 18 адам қаза тауып, 700 жүзден астам адам жарақат алды", - деп жазады басылым.

Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі провинциялық штабтың мәліметі бойынша, сейсенбі, 19 желтоқсан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, жер сілкінісі салдарынан Ганьсудағы 155 393 үйге зақым келген.

Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі болған аймаққа жақын маңдағы орталық кәсіпорындардан 736-дан астам құтқарушы, сондай-ақ 2042 өрт сөндіруші жіберілген.

Еске сала кетейік, 18 желтоқсаннан 19 желтоқсанға қараған түні Қытайда 6,2 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Ганьсу және Цинхай провинцияларында 111 адам қаза тапқан болатын.

Кейін жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 118-ге артқанын хабарлаған едік. Жергілікті билік 4700-ден астам үй қирап қалғанын мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.