Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда ел туын өзгерту туралы заң жобасы қабылданды

Опубликовано:

Қырғызстан туы
Қырғызстан туы. Фото: Maksim Konstantinov/Getty Images

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24 kg ақпарат агенттігіне сілтемес жасап хабарлайды.

Заң жобасын 59 депутат қолдаса, оның 5-еуі ғана қарсы болған.

Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шәкиев әріптестерін құттықтады.

"Құрметті депутаттар! Жаңа туымыз құтты болсын! Бұл өзгерту емес, бұл түзету. "Аңызға айналған парламент" туралы қайталаудың қажеті жоқ. Әр кезеңнің өз аңызы бар", - деді ол.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитетінің төрайымы Чолпон Сұлтанбекова алты парламенттік фракция заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан парламентінің депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2051669-qyrgyzstanda-el-tuyn-ozgertu-turaly-zan-zobasy-qabyldandy/

pixel