Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония әуежайында жолаушылар ұшағы өртенді (видео)

Опубликовано:

Өртеніп жатқан ұшақ
Өртеніп жатқан ұшақ. Видеодан кадр: twitter.com/europecentrral

Жапония әуекомпаниясының ұшағы Токио әуежайына қонған кезде өртке оранды. Ұшақ бортында 400 адам болған. Олардың барлығы дер кезінде эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 2 қаңтарда Токио қаласында орын алған. Japan Airlines ұшағы Ханеда әуежайына қонған кезде өртене бастаған.

NHK жергілікті басылымы билік өкілдеріне сүйене отырып, Саппородан ұшып келген ұшақтың жапондық жағалау күзетінің әуе кемесімен соқтығысқанын хабарлады.

Ұшақ бортында болған 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарап кетті. Бейнежазбалардан ұшақты шарпыған жалын мен жолаушылардың ұшақтан үрлемелі трап арқылы секіріп шығып жатқанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053599-zaponiyada-qonyp-bara-zatqan-usaq-ortendi-video/

pixel