40-тан астам адам үйінді астында қалған: Жапонияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны артуы мүмкін
Жарияланған күні:
Жапонияда жойқын жер сілкінісінен кейін 90-нан астам адамның қаза тапқаны белгілі болды, бірақ құрбандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақпарат агенттігінің жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Жапонияның Исикава префектурасында болған бірнеше жер сілкінісінен қаза болғандар саны 91-ге жетті. 179 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Бұған қоса 29 адам ауыр, 230-дан астамы жеңіл жарақат алғаны хабарланды. Сондай-ақ Вадзима қаласында 40-тан астам адам үйінді астында қалған. Осы себепті жерасты дүмпуі салдарынан көз жұмғандар саны артуы мүмкін.
Жапониядағы жер сілкінісі
Еске салсақ, 1 қаңтарда Жапонияда бірнеше жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды. Магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі дүмпу қатар болды. Жерасты дүмпуі Осака, Киото және Токиода сезілді.
Жер сілкінісінің зардабы ауыр болғандықтан және қаза болғандар мен жараланғандардың көптігіне байланысты АҚШ пен Ұлыбритания Жапонияға көмек ұсынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айтты. Ал Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Жапониядағы қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шекпегенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054029-40-tan-astam-adam-uiindi-astynda-qalgan-zaponiyada-zer-silkinisinen-qaza-bolgandar-sany-artuy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.