Оңтүстіккореялық барлау: Ким Чен Ын 10 жастағы қызын билікке дайындап жатыр
Жарияланған күні:
Кич Чен Ынның кішкентай қызы кейінгі уақытта әкесімен бірге мемлекеттік шараларға қатыса бастаған. Тіпті әскери шерулер мен зымыран сынағында да бой көрсеткен. Оңтүстіккореялық барлау қызметінің мәліметінше, ол болашақта билік мұрагері болады.
Ұлттық барлау қызметі (NIS) Пхеньянның "мұрагерлікке" қатысты жоспарларының әртүрлі нұсқасын әлі де қарастырып жатқанын атап өтті (елді Кимдердің үшінші буыны басқарып жатыр).
Ким Чжу Э алғаш рет әкесімен бірге 2022 жылдың қарашасында жаңа құрлықаралық Хвасон 17 баллистикалық зымыранының сынақтарында бой көрсеткен, содан бері барлық маңызды іс-шараға үнемі қатысып келеді. Ол шамамен 10 жаста, дегенмен Кимнің де, оның әйелінің де, балаларының да нақты туған күндері ресми түрде жарияланбаған.
"Оның қоғамдық қызметін мұқият талдауға және оның көпшілік алдында пайда болуының басынан бастап оған көрсетіліп жүрген құрмет деңгейіне сүйене отырып, Ким Чжу Е ең ықтимал мұрагер деп болжай аламыз, - делінген NIS мәлімдемесінде. - Алайда біз барлық мүмкіндікті қарастыруды жалғастырамыз, өйткені Ким Чен Ын салыстырмалы түрде жас, оның денсаулығына қатысты айтарлықтай проблема жоқ және көптеген фактор бар".
Корея республикасының бірігу министрі Ким Ен Хо желтоқсандағы баспасөз мәслихатында Солтүстік Кореядағы билік мұрагерлігіне қатысты осыған ұқсас бағалауын айтқан.
"Ким Чен Ынның қызына үнемі назар аударуды Солтүстік Кореяның күрделі ішкі жағдайлар аясында биліктің сабақтастығына қатысты ниетін көрсетуге асыққанының дәлелі ретінде қарастыруға болады", - деді ол.
Ал сыртқы шолушылар жергілікті БАҚ Чжу Эны "Кимнің Сүйікті қызы" деп атаса, енді "Құрметті" деп атай бастағанына назар аударған.
Сарапшылардың пікірінше, қызын ерте жастан көпшілікке таныстыра отырып, Ким Чен Ын билік толықтай оған ауысқан кезде бәрі оған үйреніп кетеді және ол көшбасшылық позициясын бекітеді деп санайды. Сондай-ақ Ким осылайша Солтүстік Кореяның патриархалдық қоғамында басшылық лауазымдардағы әйелдерге деген қалыптасқан таптаурынды жеңуге үміттенеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054178-ontustikkoreyalyq-barlau-kim-cen-yn-10-zastagy-qyzyn-bilikke-daiyndap-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.