Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Израиль Газа секторының солтүстігінде ХАМАС қолбасшылығы толық жойылғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Израиль армиясының M109 гаубицасы
Израиль армиясының M109 гаубицасы. Фото: Photo by JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС командалық құрылымының "демонтажын аяқтағанын" мәлімдеді.

Цахал өкілі Даниэль Хагари журналистерге палестиналық содырлар қазір бұл аймақта тек үзік-үзік және "командирлерсіз" жұмыс істейтінін айтты. Оның айтуынша, Израиль Газаның солтүстігінде 8 мыңға жуық содырды жойған. Би-Би-си бұл ақпаратты дербес растай алмайды.

Оның айтуынша, Израиль қорғаныс Армиясы (Цахал) қазір ХАМАС-ты Газа секторының орталығы мен оңтүстігінде жоюға бағытталған.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ХАМАС-пен соғыс басталғалы Израиль күштері 22 мыңнан астам адамды өлтірген. Сенбіде министрлік кейінгі 24 сағат ішінде 120-дан астам өлімі тіркелгенін хабарлады.

Сектордың бұл аумағы қирап, 2,3 миллион тұрғынның көбі үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Израильдің шабуылы 7 қазанда ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне тосын шабуыл жасағаннан кейін басталды, нәтижесінде 1200 адам қаза тапты, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар еді, 240-қа жуық адам кепілге алынды. Тұтқында болған кейбірі босатылғаннан кейін ХАМАС пен басқа топтарда 120-дан астам адам қалып отыр.

Премьер-министр Беньямин Нетаньяху сенбіде Израиль ХАМАС-ты жою, кепілге алынған адамдарды қайтару және Газаның Израильге қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету операциясын жалғастыратынын растады.

"Біз толық жеңіске жеткенше қалған істің бәрін ысырып қоя тұруымыз керек", - деді Нетаньяху.

Сонымен қатар "Хезболла" содырлары сенбіде Солтүстік Израильге ондаған зымыранын ұшырған. Бұл, олардың айтуынша, осы аптада Бейрутта ХАМАС-тың жоғары лауазымды шенеунігін өлтіруге алдын ала жауап болған. Салех әл-Арури Ливан астанасындағы ғимаратқа Израильдің соққысынан қаза тапты делінді.

Иран қолдаған ливандық қозғалысының мәлімдемесінде ол Мерондағы әуе қозғалысын басқару базасына 62 зымыранмен соққы жасағаны айтылды.

Израиль әскерилері Ливаннан 40-қа жуық зымыран ұшырылғанын анықтап, қарсы әрекет еткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054306-izrail-gaza-sektorynyn-soltustiginde-xamas-qolbassylygy-tolyq-zoiylganyn-malimdedi/