jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда жаңарған ту көтерілген күні жыртылып қалған (видео)

Қырғызстанның жаңартылған туын көтеру рәсімі
Қырғызстанның жаңартылған туын көтеру рәсімі. Фото: instagram.com/kyrgyzpresident

Бүгін Бішкектегі басты алаңда Қырғызстанның жаңарған туы көтерілді. Шараға ел президенті қатыспаған, деп хабарлайды 24.kg.

Агенттік мәліметінше, Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында Қырғызстанның жаңартылған туын көтеру рәсімі өткен. Бірақ шараға ел президенті Садыр Жапаров қатыспаған.

Салтанатты рәсімге республиканың премьер-министрі Ақылбек Жапаров қатысты.

Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов "жаңартылған туда түбегейлі өзгерістер болған жоқ, негізгі идея сақталды, тек шағын техникалық түзетулер енгізілді, осыған байланысты іс-шараны мемлекет басшысының қатысуынсыз өткізу туралы шешім қабылданды" деп мәлімдеді.

Алайда, бірнеше минуттан кейін, агенттік мәліметінше, бүгін орнатылған жаңа ту қайтадан түсіріліп, ауыстырылған. Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұған кенет жыртылғаны себеп.

Сонымен қатар агенттік 1 қаңтарда таңертең Ала-Тоо алаңында жаңа ту көтерілгенін атап өтті. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары орнатылған жалауда 40 сәуле емес, 39 сәуле бар екенін айтқан. Бішкек әкімшілігі мен ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков тудың 40 сәулесі бар екенін айтты. Бірақ интернет қолданушылары жалау алып тасталғанын және оны түзетілген нұсқасына ауыстырғанын жазды.

Еске салайық, Қырғызстан туы өзгереді деген әңгіме былтыр қыркүйек айында айтыла бастаған. Содан кейін Жогорку Кенештің (елдің бір палаталы парламенті) депутаттары қырғыз туының ортасында түндікпен (қазақстандық шаңырақтың аналогы) күн сәулесін визуалдық қабылдауда дилемма туындағанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, кейде күннің орнына сурет күнбағыс гүлі немесе киіз үйдің сыртқы бөлігі ретінде түсініліп қалады.

28 қарашада Жогорку Кенештің бейіндік комитеті Қырғызстан туының өзгеруін бірауыздан қолдады. Келесі күні парламент депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады.

Алайда бұл шешімге елдің көптеген азаматы қарсы болды - жұрт митингке шығып, президент Садыр Жапаровтың Instagram-дағы аккаунтында қарсылық білдірді. Желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республика туын өзгерту туралы заңға қол қойды. Осылайша, күн сәулесінің пішіні толқын пішінінен түзу сызыққа өзгереді.

Қырғызстанда жаңарған ту көтерілген күні жыртылып қалған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.