jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Францияның премьер-министрі отставкаға кетті

Элизабет Борн
Элизабет Борн. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Франция министрлер кабинетінің басшысы Элизабет Борн отставкаға кету туралы өтініш берді – Эммануэль Макрон премьер-министрдің отставкасын қабылдады. Министрлер кабинетінің жаңа басшысы бүгін, 9 қаңтарда сайлануы мүмкін.

Президент Макрон премьер-министрдің отставкасын қабылдады – бұл жаңалықты Франция басшысы X желісіндегі микроблогында жария етті.

"Ұлтымызға қызмет еткен әр күніңіз үлгі аларлық болды. Сіз біздің жобаны батылдықпен іске асырдыңыз. Сізге шын жүректен алғыс айтамын", - деп жазды Макрон.

BFMTV арнасы таратқан мәлімет бойынша, премьер-министр Элизабет Борн бұл қызметті жиырма ай атқарған.

Бұған қоса Макрон ауқымды өзгерістерді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Әзірге премьер-министр болып Габриэль Атталь (Оқу-ағарту министрі) тағайындалуы мүмкін деген болжам бар. Тілшілер Борн кеткеннен кейін Франция үкіметін басқара алатын тағы бірнеше адамның есімін атады. Үкіметтің жаңа басшысы кім болатыны бүгін анықталады.

Соған қарамастан, көптеген сарапшы Борнның орнына Атталь келеді деп болжап отыр. Мұндай болжамды Францияның бұқаралық ақпарат құралдары да таратып жатыр.

Еске салсақ, Элизабет Борн Францияның премьер-министрі болып 2022 жылдың мамырында тағайындалды – елде үкіметтің тізгінін 30 жылда алғаш рет әйел адам қолына алды.

Айта кетерлігі, Борн сол жылы-ақ қызметінен кеткісі келген, бірақ Макрон оның отставкасын қабылдамай қойған еді.

Францияның премьер-министрі отставкаға кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.