Зеленский хуситтер украиналық теңізшілерді тұтқынға алғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Украина президенті Владимир Зеленский йемендік хуситтер украиналық төрт теңізші тұтқынға алғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ украиналық УНИАН басылымына сілтеме жасап жазады.
Зеленский хуситтердің украиналық теңізшілерді тұтқынға алғанын Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен Киевте бірлесіп өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеген.
"Қазір төрт теңізшіміз хуситтердің тұтқынында. Оларды қайтару үшін күш саламыз", - деп келтірді басылым Украина президентінің сөзін.
Сондай-ақ Зеленский Қызыл теңіз аймағында кемелердің еркін қатынауы үшін қауіпсіздік мәселесі аса маңызды екенін атап өткен. Себебі бұл украиналық азаматтардың да қауіпсіздігіне қатысты болып отыр.
Йемендегі жағдай
12 қаңтарға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасады. Олар кейінгі уақытта Иранның қолдауына ие бола отырып, Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған еді.
Бұдан кейін қақтығыс аймағындағы жағдай және бұл қақтығысты әлем қалай қабылдағаны туралы жазған едік.
Ресей АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йемен аумағына жасаған зымыран соққыларын айыптады. Елдің бұл ұстанымын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жеткізді.
АҚШ пен Ұлыбританияның йемендік хуситтерге түнгі соққыларынан кейін мұнай құны өсіп кетті.
Ал елдегі жағдайға байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Йеменді айналып өтуге кеңес кеңес берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2055302-zelenskii-xusitter-ukrainalyq-tenizsilerdi-kepilge-alganyn-malimdedi/