jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Санкт-Петербург маңында орналасқан Wildberries қоймасы өртенді (видео)

Wildberries қоймасынан шыққан өрт
Wildberries қоймасынан шыққан өрт. Видеодан кадр: Ресей ТЖМ

Wildberries компаниясының өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында бүгін Шушарадағы қоймасынан өрт шыққанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайын Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Wildberries компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, Шушара қоймасына қойылған тауарлар маркетплейстің сөресінен алып тасталады.

"Сатып алушыларға жоғалған тауардың ақшасы қайтарылады. Сатушыларға жоғалған немесе бүлінген тауар үшін өтемақы төленеді", - делінген хабарламада.

Ресей ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасында қоймадағы өрттің бастапқыда аумағы 50 000 шаршы метрді құрағаны, кейін 70 000 шаршы метрге дейін жеткені айтылған. Өртті сөндіруге 270 адам мен 57 техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер қоймадағы өртті ауыздықтаған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Компанияның ресми сайтында Wildberries киімдер, аяқ-киімдер және басқа да аксессуарлар қамтылған сәнді интернет-дүкен екені жазылған. Оның негізін 2004 жылы Татьяна Бакальчук қалаған.

Бүгінде Ресейде тапсырыстарды беретін 20 000-нан аса пункт (компанияның өзінің және серіктестерінің) жұмыс істейді.

Компания Ресей нарығын ғана емес халықаралық нарықта да жаулап үлгерген. Wildberries-тің филалдары 2012 жылы Беларусьте, 2014 жылы Қазақстанда, 2017 жылы Қырғызстанда, 2018 жылы Арменияда пайда болды.

Санкт-Петербург маңында орналасқан Wildberries қоймасы өртенді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.