Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі қызу шайқастар аяқталғанын хабарлады

Опубликовано:

Газа секторы
Газа секторы. Көрнекі фото: Jack Guez/AFP via Getty Images

Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Газа секторының солтүстігіндегі ұрыстардың қарқынды кезеңі аяқталғанын, жақын арада эксклавтың оңтүстігінде де жағдай солай болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Галанттың сөзіне сілтеме жасап жазуынша, Газаның солтүстігіндегі ХАМАС-тың барлық батальоны жойылды, израильдік жауынгерлер ХАМАС-тың қалған нысандарын іздестіріп, топтың соңғы мүшелерін жойып немесе тұтқынға алуда.

"Газа секторының оңтүстігінде (қарқынды кезең -ред.)жақын арада аяқталады", - деді Галант.

Басылым министрдің Хан-Юнис қаласы аймағын меңзеп отырғанын, бірақ шайқастардың аяқталатын мерзімі нақты айтылмағанын жазған.

Галанттың сөзінше, Газа секторының оңтүстігінде "ЦАХАЛ әскерлері жыланның басы — ХАМАС басшылығын нысанаға алып отыр".

"Біз жердің үстімен де, астымен де Рафахқа апаратын жолдарды кесіп тастадық", - деді Израиль министрі.

Ол сондай-ақ "саяси тартыншақтық әскери операцияның барысына зиян келтіруі мүмкін" екенін айтты.

"Газадағы болашақ үкімет Газа секторынан шығуы керек, Газаны палестиналықтар басқарады. Әскери науқанның соңы саяси акт арқылы қамтамасыз етілуі керек", - деп түйіндеді сөзін Галант.

Еске салсақ, 2023 жылғы қазан айының басында Израиль Газа секторынан зымыран атқылаған. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС содырлары өз мойнына алды. Бүкіл Израильде төтенше жағдай енгізіліп, елде соғыс режимі жарияланды.

Кейін Израиль Газа секторында құрлық операциясын бастады.

21 қазанда Израиль Газаны толығымен қоршауға алғаны хабарланды. Содан бері Израиль Ливаннан, Сириядан және Газадан бірнеше зымырандық шабуылға ұшырады және ЦАХАЛ Газа секторын зымыранмен атқылап, жауап берді. Бұқаралық ақпарат құралдары Газадағы ауруханалардың жаралылар ағынына төтеп бере алмағанын, мәйітханаларда өлгендер үшін орын жеткіліксіз екенін хабарлады.

24 қарашада Израиль мен ХАМАС тобы арасындағы бітім күшіне енді. Осы кезде тараптар тұтқын алмасып, Газа секторындағы соғыс қимылдары тоқтатылды.

Қаңтар айының басында Израиль Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС қолбасшылығын жойғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2055673-izrail-gaza-sektorynyn-soltustigindegi-qyzu-saiqastardyn-ayaqtalganyn-xabarlady/

pixel