jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Мәскеуге бағыт алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады (видео)

Ұшақ құлады деген жер
Ұшақ құлады деген жер. Фото: t.me/bazabazon

Ауғанстанның Бадахшан провинциясының тауларында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Паджвак агенттігі Х әлеуметтік желісінде.

"Жексенбіде жергілікті шенеуніктер үнді жолаушылар ұшағы Бадахшанның таулы аймақтарында апатқа ұшырады деп мәлімдеді", - делінген материалда.

Aamaj News агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС хабарына сенсек, Мәскеуге бет алған үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның солтүстік-шығысында құлаған. Бадахшан провинциясында әуе кемесі техникалық ақау салдарынан апатқа ұшырады.

Агенттік ұшақтың моделін және борттағы адамдардың болжамды санын атамады.

Росавиация Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресей федерациясының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 6 адам болған: экипаждың 4 мүшесі және 2 жолаушы.

Қазіргі уақытта ұшақты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Росавиация хабарына қарағанда, ұшақ Гай (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейс орындаған. 1978 жылы шығарылған ұшақ "Атлетик Групп" ЖШҚ және жеке тұлғаға тиесілі.

Мәскеуге бағыт алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.