Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Иордания-Сирия шекарасында дрон соққысынан АҚШ-тың үш әскери қызметшісі қаза тапты

Опубликовано:

АҚШ әскері
АҚШ әскері. Көрнекі фото: Jonathan Brady-WPA Pool/Getty Images

АҚШ әскерилері Сириямен шекараға жақын Иорданияда дрон соққысынан үш америкалық әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлады. Америкалық ақпарат құралдарының мәліметінше, шамамен 34 әскери қызметші жараланып, снарядтан соққы алған.

АҚШ президенті Джо Байден шабуылды Иран мемлекеті қолдайтын қарулы топтар жасады деп мәлімдеді.

"Біз кінәлілерді міндетті түрде жауапқа тартамыз", - деді Байден.

Сондай-ақ АҚШ президенті қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қаза болған және жараланған америкалық сарбаздардың аты-жөні әзірге жария етілген жоқ. Қазір олардың отбасы мүшелеріне болған жайт туралы хабарлануда.

Пентагон шенеуніктерінің Reuters агенттігіне берген мәліметі бойынша, жараланған әскерилердің бір бөлігі ем алу үшін базадан эвакуацияланған, ал басқаларында ми жарақаты болуы мүмкін деп тексеріліп жатыр.

Бұған дейін 25 адам жараланған деп хабарланғанымен, кейінірек америкалық дереккөздер эвакуацияланған, снаряд соққысын анықтау үшін медициналық тексеруден өтіп жатқан 34 АҚШ әскери қызметкері туралы жаза бастады.

Ақ үй мәліметіше, қорғаныс министрі Ллойд Остин мен басқа шенеуніктер жексенбіде таңертең Байденге шабуыл туралы ақпарат берген.

Бұл - ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасаған 7 қазаннан бері Таяу Шығыстағы АҚШ әскерилерінің алғашқы адам шығыны.

Алайда бұған дейін АҚШ Әскери-теңіз күштері Сомали жағалауында операция кезінде жоғалып кеткен теңіз жаяу әскерінің екі сарбазы қаза тапты деп жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2057957-iordaniya-siriya-sekarasynda-dron-soqqysynan-aqs-tyn-us-askeri-qyzmetsisi-qaza-tapty/

pixel