Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гарибашвили Грузияның премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Ираклий Гарибашвили
Ираклий Гарибашвили. Фото: Dursun Aydemir/Anadolu Agency via Getty Images

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның ақпаратынша, премьер-министр бұл мәлімдемесін брифинг кезінде айтқан.

"Құрметті достар, мен бүгін премьер-министр қызметінен кететінімді хабарлаймын", - деді Гарибашвили.

"Имеди" телеарнасы бүгін Гарибашвилидің кетуі мүмкін екенін хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол "Грузин арманы" партиясының жетекшісі Ираклий Кобахидземен қызмет ауыстырады.

Биліктегі мұндай ықтимал ауыс-түйіске грузиялық БАҚ өкілдері елде қазанның 26-сы күні өтетін парламенттік сайлаудың жақындауы себеп болып отыр деп есептейді.

Гарибашвили премьер-министр қызметін 2021 жылғы ақпан айынан бері атқарып келді. Бұдан бөлек ол 2013-2015 жылдары үкіметті басқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058101-garibasvili-gruziyanyn-premer-ministri-qyzmetinen-ketetinin-malimdedi/

pixel