Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте ЖЭО-да жарылыс болып, Алматыға келген Қырғызстан премьері Бішкекке шұғыл қайтып кетті (видео)

Опубликовано:

Бішкектегі ЖЭО
Бішкектегі ЖЭО. Фото: 24.kg

Бүгін түнде Бішкек жылу орталығында апат болды. Оқиғаны Қырғызстанның Энергетика министрлігі растады. Қазіргі уақытта қаладағы кей тұрғын үйлерге ыстық су мен жылу беру тоқтатылған.

24. kg басылымының жазуынша, апат түнгі сағат 3-те болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жылыту қазандықтарының бірі жарылған. Жарылыс себебі анықталуда.

Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі журналистерге төтенше жағдай салдарынан қазандық жабдығында жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шеккенін мәлім еткен.

Дәрігерлердің айтуынша, күйік шалған екі пацинеттің жағдайы өте ауыр, үшіншісінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккендер I, II және III дәрежелі күйік алған. Олардың бет, мойын, кеуде және жоғарғы тыныс жолдарына зақым келген. Екі адам жансақтау бөлімінде, біреуі күйік бөлімінде жатыр.

Сонымен қатар тағы екі адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, тұрақты.

Бішкек мэрі Айбек Жүнушалиев жылу электр орталығындағы апат туралы естіген соң бірден оқиға орнына жеткен.

Сондай-ақ басылым Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров Қазақстанға сапарын тоқтатып, Бішкекке қайтып келе жатқанын жазды. Прьемер-министр Бішкекке келген бойда жылу электр орталығындағы төтенше жағдайға байланысты президент әкімшілігінде кеңес өтетіні хабарланды.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысының хабарлауынша, Садыр Жапаров жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр.

Бұдан бөлек, Бішкектегі мектептер мен балабақшалар 5 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматына ауысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2058775-biskekte-zeo-da-apat-bolyp-zumyssylar-zardap-sekti-video/

pixel