Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берді: Ресей президенті не айтты

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Sergei Guneyev / Sputnik / AFP / Getty Images

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берді. Сұхбаттың бейнежазбасы Карлсонның сайтында жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сұхбат 2 сағаттан астам уақытқа созылған және ағылшын тілінде шыққан.

Сұхбатта Ресей Федерациясының басшысы Украинадағы жағдайды келіссөздер арқылы шешуге қол жеткізгісі келетінін айтты. Путиннің сөзінше, Ресей мен Украина ерте ме, кеш пе келісімге келеді.

Карлсон Путинмен сұхбатын Американың Ресейге тосын шабуылы туралы сұрақтан бастады – ол Путиннен неге АҚШ Ресейге тосын шабуыл жасай алады деп есептейтінін сұрады.

"Мәселе Американың Ресейге күтпеген соққы жасамақ болғанында емес, мен олай айтқан емеспін. Сіз екеуміз ток-шоу жасап отырмыз ба, әлде байыпты әңгіме бола ма?"- деп жауап берді Путин.

Ресей президенті сондай-ақ ️НАТО Ресейдің жаңа аумақтарды бақылауын лайықты түрде мойындауы керек деп мәлімдеді.

Қырым туралы сөз қозғаған Путин 2014 жылы Ресей "түбекке қауіп төніп тұрғандықтан, Қырымды өз қорғауына алуға мәжбүр болғанын" айтты.

"Төңкерісті мойындамағандар, ал бұл төңкеріс болатын, аңди бастады, Қырымға қауіп төндірді, біз оны қорғауға алуға мәжбүр болдық", - деді Ресей Федерациясының басшысы.

Ол арнайы әскери операция туралы да айтты.

"Ресей арнайы әскери операция мақсатына әлі жеткен жоқ, өйткені олардың бірі –әсіреұлтшылдықты жою, яғни барлық неонацистік қозғалыстарға тыйым салу", - деді Путин.

Ол соғысты Ресей емес, Украина бастағанын, Ресейдің мақсаты соғысты тоқтату екенін айтты.

"Ресей мен Украина 2022 жылы Стамбулда өткен келіссөздер барысында Украинада неонацизмге заңды түрде тыйым салынады деп келісті", - деп түсіндірді Ресей басшысы.

Карлсон "Солтүстік ағынды" кім жарып жібергенін сұрағанда, Путин: "Әрине, сендер!" деп жауап берді.

Карлсон: "Ол күні мен бос болмадым. Мен "Солтүстік ағынды" жарған жоқпын."

Путин: "Сізде алиби болуы мүмкін, бірақ Орталық барлау басқармасында мұндай алиби жоқ".

"Мұны қалаған және жасаған адамды іздеуіміз керек. Өйткені мүдделілер көп болуы мүмкін, бірақ Балтық теңізінің түбіне түсіп, жарылыс жасау бәрінің қолынан келе бермейді. Осы екі компонент бір-бірімен байланыстырылуы керек: кім мүдделі және кім істей алады", - деп түсіндірді ойын Ресей Федерациясының президенті.

Ресей президенті "Солтүстік ағындағы" жарылыстары туралы ақпаратты неге жарияламайды?" деген сұраққа: "Біз өзіміздегі ақпарат көздерін жарыққа шығарамыз, бірақ нәтижеге жете алмаймыз" деп жауап берді.

Ол сондай-ақ Украина Вашингтонның нұсқауымен Ресеймен келіссөздерден бас тартуға шешім қабылдағанын, енді АҚШ бұл қатені түзетуі керек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2060024-putin-amerikalyq-zurnalist-taker-karlsonga-suxbat-berdi-resei-prezidenti-ne-aitty/

pixel